II.Үй тапсырмасын тексеру. II.Үй тапсырмасын тексеру. - Право
Учебные материалы


II.Үй тапсырмасын тексеру. II.Үй тапсырмасын тексеру. - Право



II.Үй тапсырмасын тексеру.

1) ҰОС-ның каһарман қалаларды атап шығу ?

2) ҰОС-ның батырларының есімдерін ата шығу.

Жаңа сабақтың жоспары:

1) Соғыстан кейінгі халықтың жағдайы.

2) Тың жерлерді игеру.

3) Салдары.

III. Жаңа сабақ.

Ұлы Отан соғысын жеңіспен аяқтаған кеңес халқына соғыстың зардаптарын жою, бейбіт өмірге көшу оңайға түспеді. Елге қажетті азық-түлік пен тауарлар жетіспеді. Нан, май, ет, қант, мата, аяқкиім қатаң түрде карточкамен берілді. Ендігі міндет соғыстың зардабын жою болды.

1950 жылы республикамызда 3696 колхоз құрылды. Ендігі мақсат – мол астық өндіру, сапалы бидай өсіру болды. Кеңес мемлекетінің басшылары тың және тыңайған жерлерді игеру
қажет деп тапты.

Тың жер – өмірі жыртылмай бос жатқан жер, ал тыңайған – кезінде егін өсірілген, бірақ көптен бері ол да бос жатқан жер. 1954 жылы тың жерлерді игеру басталды. Республиканың тың игеретін аудандарына Ақмола, Солтүстік Қазақ- стан, Қостанай, Көкшетау, Торғай, Павлодар облыс- тары жатты.

Қазақстанға одақтас республикалардан ауыл шаруашылығына қажетті техникалар, трак- тор, жүк таситын маши- налар әкелінді. Шеттен 640 мыңдай жұмысшы мен механизатор көшіп келді.

Тың жерді игеру қатты қарқынмен жүргізілді. Есепсіз аударыл- ған жердің құнарлы қабатын жел ұшырып әкетіп, 9 млн гектардан астам жер жарамсыз болып қалды. Жер құнарының азаюы экология- лық жағдайды нашарлатты.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1) Соғыстан кейінгі Қазақстанның жағдайын сипаттау. Елде қандай тауарлар жетіскен жоқ ?

2) Тың игеру Қазақстанға не берді ? Яғни оның жақсы жақтары ?

3) Тың игеру қай жылы басталды ?

4) Тың игерудің кері әсері қандай болды ?

V. Бағалау: Әр оқушыға тиісті баға қою.

VI. Үйге тапсырма: үйде оқу, мәтін астында сұрақтармен жұмыс жалғастыру.

Сынып: 5 «а». Сабақ №:______28_____ Күні:_______________

Пән: Қазақстан тарихынан әңгімелер.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда ғылым мен мәдениеттің дамуы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : оқушылардың Қазақстанның мәдениеті мен
өнерінің дамуы, жазушылар, қазақ киносы, суретшілер туралы түсініктерін
тереңдету. Мәдениет пен өнер саласында қызмет жасайтын адамдарға деген
құрмет сезімдерін тәрбиелеу. Тарихи қайраткерді суреттей білу біліктерін
дамытуда жұмысты жалғастыру;

Дамытушылық : Тақырыптағы өзекті мәселелерге назар аударта отырып, нақты мәліметтерді ажырата білу дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау, шығармашылық әрекеттерін дамытуға көиектесу;

Тәрбиелік : Ғылыми жетістіктері мен озық мәдени үлгілерді оқыта отырып, білімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу, мәдени құндылықтарды үлгі тұта білуге үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақ әдісі: түсіндірмелі, сұрақ – жауап, тапсырма орындау.

Негізгі ұғымдар: .

Сабақтың жоспары:I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

· Оқушылармен амандасу.

· Оқушыларды түгендеу.

· Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

1)

Жаңа сабақтың жоспары:

1)

III. Жаңа сабақ.

Қоғамда қандай ел болмасын өзінің даму жолындағы бірінші орынға ғылым мен мәдениетті қояды. Өйткені, онсыз мемлекеттің де дамуы жоқ. Осы орайда, қазақ елінің дамуы үшін қазақ ғалымдары мен өнер қайраткерлері зор үлес қоса білді. Ал, солардың ішінде қазақ ғылымының өрге басуына аянбай тер төккен тарихи тұлға – академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев болды. Жоғары білімді жас маман өзінің алғашқы еңбек жолындағы он бес жылын Жезқазғанның Ұлытау ауданындағы пайдалы қазбаларды іздеу мен зерттеуге арнады. Ғылым жолындағы шынайы ізденісі пен қажырлы еңбегінің нәтижесінде Қаныш Сәтбаев толағай табыстарға қол жеткізіп, талантты инженер, білікті басшы және көрнекті ғалым ретінде қалыптасты. Өзінің кәсіби қызметі барысында ол Жезді марганец рудасын, сондай-ақ, Орталық Қазақстан жерінен темірдің, мыс пен басқа да пайдалы қазбалардың орасан зор қорын тауып қазақ ғылымының дамуына баға жетпес үлес қоса білді. Нәтижесінде, Қаныш Сәтбаев – 1946 жылы 1 маусымда елімізде бірінші болып ашылған Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті болып сайланды. Бұл күнде оның есімі Қазақ Ұлттық техникалық университетіне және Қазақстан қалаларындағы бірқатар мектептер мен көшелерге берілді.

Қазақ халқы ертеден қалыптасқан ұлттық мәдениетін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, жетілдіріп отырған. Себебі, қазақ арасында сөз өнері мен жыраулар поэзиясы кең тарады. Соның ішінде қазақ операсын ерекше бөліп айтуымызға болады. Қазақ операсы сахнасында Күләш Байсейітова, Қанабек Байсейітов, Шара Жиенқұлова, Ермек Серкебаев және Әлібек Дінішевтей саңлақтар өнер көрсетті. Сондай-ақ, ХХ ғасырдың екінші жартысында қазақ елінің тарихы мен әдебиеті туралы еңбектердің саны артып, шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған қазақ жазушылары пайда болды. Олардың қатарында көркем сөз шеберлері Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Ілияс Есенберлин, Сәбит Мұқанов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Қабдеш Жұмаділов, Шерхан Мұртаза, Мұхтар Шаханов, Олжас Сүлейменов тәрізді танымал тұлғалар бар. Осылайша, қазақ көркем әдебиеті дамуының ықпалымен еліміздің ұлттық мәдениетіне деген қызығушылық деңгейі де арта түсті. Мәселен, заңғар жазушы Мұхтар Әуезов 1947 жылы аяқтаған «Абай» романы үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығына ұсынылып, 1955 жылы әйгілі «Абай жолы» шығармасының төрт томын жазып шықты.

Бұл жылдары қазақ кино өнері де зор қарқынмен дамыды. Осы жерде біз қазақ киносының өркендеуін көрнекті режиссер, әрі актер Шәкен Айманов есімімен тікелей байланыстырамыз. Өйткені, Шәкен Айманов қазақ кино өнерінің негізін қалаушы және оның фильмдерінің бәрінен қазақтың ұлттық болмысы айқын көрініс беріп тұратын. Олардың қатарында «Жамбыл», «Махаббат туралы дастан», «Алдар Көсе», «Біздің сүйікті дәрігер», «Тақиялы періште», «Атаманның ақыры» т.б. фильмдері бар. Сонымен қатар, қазақ кино өнерін дамыту ісіне Нұрмұхан Жантөрин, Серке Қожамқұлов, Әмина Өмірзақова, Кәукен Кенжетаев, Торғын Тасыбекова және Фарида Шәріпова тәрізді тағы басқа танымал өнер қайраткерлері теңдессіз үлес қоса білді.

Қазақстан мәдениетінің дамуында қазақтың музыка саласындағы өнер қайраткерлері де елеулі табыстарға қол жеткізген болатын. Мәселен, театрлар мен концерт залдары сахнасында Ахмет Жұбанов, Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Құдыс Қожамияров, Роза Бағланова, Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев және тағы да басқа өнер саңлақтарының шығармалары орындалды. Бүгінде қазақ халқы Шәмші Қалдаяқовтың әуеніне жазылған әндерді ерекше ықыласпен қабылдайды. Музыка әлемінде қайталанбас туындылар тудыра білген Шәмшінің ел арасында «қазақ вальсінің королі» атануы да жігерлі ізденістің нәтижесі. Ал, Шәмші Қалдаяқовтың музыкасына жазылған «Менің Қазақстаным» әні 2006 жылы Қазақстан Республикасының әнұраны ретінде бекітіліп, бүгінде қазақ елінің ұлттық ұранына айналды.

Сондай-ақ, қазақтың бейнелеу өнерінде де бағалы жетістіктер болды. Бұл ретте қазақ өнері мен ұлттық рухани мәдениетіндегі ұлы тұлға – Әбілхан Қастеев туындыларының қазақ мәдениетінде алар орны ерекше. Ол қазақ бейнелеу өнерінің көпжанрлы кәсіби деңгейге көтерілуіне баға жетпес үлес қосып , сол арқылы тек өзін ғана емес, қазақ елін де асқақтатты. Осы ретте, Қазақстанның Халық жазушысы Ғабит Мүсіреповтің «Қазақтың кім екенін білгің келсе, Шәмшінің әндерін тыңдап, Әбілханның суреттерін зертте» деген сөзінен шынайы ізденіс пен қажырлы еңбектің арқасында мәдениет тұғырында өзіндік орын қалыптастыра білген өнер қайраткерлерінің келбетті тұлғасы тағы бір қырынан байқалады.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1) Кесте толтыру.

тұлға Анықтама, (немен айналаысты)

2) Қаныш Сәтбаев кім және оның қызметі ?

Қаныш Сәтбаев ? ? ?

3) Жауабын тез табу – тапсырмасы.

1. 1946 жылы 1 маусымда не болды ?

2. 1947 жылы не болды ?

3. І. Есенберлиннің романы қалай аталады ?

4. Мәтінге сүйеніп ғалымдарды атап шығу.

4) Кез келген қайтаркерін алып, оның өмірбаянымен танысу, жатқа оқып айту.

V. Бағалау: Әр оқушыға тиісті баға қою.

VI. Үйге тапсырма: үйде оқу, Қаныш Сәтбаев туралы қосымша ақпарат қарастыру.

Сынып: 5 «а». Сабақ №:______28_____ Күні:_______________

Пән: Қазақстан тарихынан әңгімелер.

Сабақтың тақырыбы: Ғарышты игеру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Ғарыш, ғарышты игеру деген ұғымдармен таныстыру. ҚР ғарышкерлермен, Байқоңыр айлағымен таныстыру. Олардың ғылыми жұмыстары туралы айтып, оқушы бойына зерттеушілік жұмыстарға деген қызығушылықты ояту;

Дамытушылық : танымдылық ойлауларын, шығармашылықпен ойлауды, қызығушылықтарын дамыту. Бақылай білу, талдау, қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту;

Тәрбиелік : денсаулығы мықты, ақылды, білімді балаларды тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақ әдісі: түсіндірмелі, сұрақ – жауап, тапсырма орындау.

Негізгі ұғымдар: .

Сабақтың жоспары:I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

· Оқушылармен амандасу.

· Оқушыларды түгендеу.

· Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


Последнее изменение этой страницы: 2018-09-09;


dommodels.ru 2018 год. Все права принадлежат их авторам! Главная